КӨЙЛЕК

lat: KÓILEK /30/

зат. Әйелдердің қымбат матадан тігілген, жеңі бар, жұқа жеңіл киімі.

Ақжанның сәтен көйлегі , Шақыра берді Арманды. Әдеті ұстап кейдегі, Шалғысын қолдан алған-ды (2,312).

(Шыт көйлегі жабысқан кеудесіне)

Қарамасқа, қоймайды көресіңе.

Не келді екен сайтанның зердесіне?!

Жалаңаяқ сиқырға қарап тұрып,

Жалаңаяқ жастығым келді есіме! (3,85).